Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім қамалды

Шымкентте мектеп-лицейдің мұғалімі оқушыны ұрғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот істі ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 2-бөлімі, 8-тармағы бойынша қарады.

Оқиға биыл наурыз айында болған. Сабақ кезінде оқушы кабинет есігін үздіксіз қатты қаққан. Жасөспірімнің мінез-құлқына ашуланған мұғалім оны ұрған.

Айыпталушының кінәсі оның өз мойындауындағы көрсеткіштерімен, куәгерлердің айтуымен және видеожазбамен расталды.

Мемлекеттік айыптаушы қамау түріндегі жаза тағайындауды талап етсе, зардап шегушінің өкілі де қатаң жаза қолдануды сұрады.

Ал айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын жеңілдетуші жайт ретінде қабылдады, ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде мұғалім кінәлі деп танылып, оған 25 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды