Шымкентте нөсер жауыннан соң жолды су басып қалды

Толассыз жауған нөсер жауыннан Темірлан тас жолы мен Ахунбабаева көшесінің қиылысындағы көпірдің астын су басып қалды, деп хабарлады kazinform.kz.

Шымкент қалалық ТЖД

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жаңбыр суының тереңдігі 50 см-ге жеткен.

Су тарту жұмыстарына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 14 мотопомпа және 30 жеке құрам өкілі, сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан 8 техника, 1 мотопомпа, 20 адам жұмылдырылған.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайсыздық тудырған жауын суы толығымен тартылғанын айтты.

 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды