Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты

Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен.

ҚМА

Алматы, NEGE. Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған.

Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады