Шымкентте мерекелік отшашу салдарынан өрт болды

25 қазан кешке Шымкент қаласының Нұрсат шағын ауданында мерекелік салюттен кейін өрт тұтанды.

видеодан кадр

Алматы, NEGE. Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға шамамен 23:40-та болған. Фейерверктен шыққан ұшқын құрғақ шөпке түскеннен кейін өрт басталған. Жалын лезде таралып, шамамен 250 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, отты дереу сөндірді.

Ведомствоның мәліметінше, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, адам шығыны тіркелмеген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды