Шымкентте мемлекет қаржысын жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп-шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады