Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқан аумақта болған. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм Үмітжан Балтабаев абайсызда лифт шахтасына құлап кеткен. Қаладағы Еңбек инспекциясы оқиғаның «Aina Mare House» ЖШС-нің құрылыс алаңында болғаны нақтылады.

— Үмітжан Балтабаев белгісіз жағдайда құлап, көз жұмды. Тергеуді бастау үшін жұмыс берушіден бір тәулік ішінде ресми хабарлама түсуі тиіс. Соның негізінде арнайы комиссия құрылып, он жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Алайда бүгінгі күнге дейін еңбек инспекциясына ешқандай ресми хабарлама түспеген. Сондай-ақ марқұмның аталған нысанда ресми түрде жұмыс істеген-істемегені әлі анықталып жатыр.

Полиция департаменті қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

— Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Ал аталған құрылыс нысанына жауапты компания әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек