Шымкентте Көксай шағынауданының тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент, NEGE. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3 мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жобада көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды