Шымкентте газ құбырында өрт шықты

25 тамызда Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тас жолында орналасқан газ құбырында өрт шығып, салдарынан жүк көлігі мен бұрғылау жабдығы өртеніп кеткен.

Видеодан кадр/ТЖМ

Астана, NEGE. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жүк көлігі мен бұрғылау жабдығы ашық жалынмен жанып жатқан еді. 

Газ қызметі вентильді жауып, газ беруді тоқтатты. Құтқарушылар газ құбырын салқындатып, өртті сөндіріп, жалынның жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат айтылған жоқ.

ТЖМ өкілдері өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне дереу хабарлау қажет екенін ескертеді.