Шымкентте ер адам пойыз астына түсіп, қаза болды

Шымкентте пойыз астына түсіп, көз жұмған ер адамның өліміне қатысты көлік полициясы департаменті түсініктеме берді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды. «Осы жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Осыған дейін қайғылы оқиға 21 қыркүйек күні шамамен сағат 22:00 шамасында Исмаилов (бұрынғы Громов) пен Жангелдин көшелерінің арасында болғаны хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді