Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

Шымкентте бейнебақылау жүйелері мен дрондар көмегімен қала аумағында қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуын бақылау кезінде белгіленбеген жерге қоқыс тастаған КамАЗ жүргізушісі анықталды.

Видеодан кадр//t.me/POLICE_of_KZ

Астана, NEGE. Бұл жөнінде полиция қызметі хабарлады. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция қызметкерлері абаттандыру талаптарының сақталуын бақылауға, ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына жол бермеуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Кезекті тексеру барысында абаттандыру талаптарын бұзған КамАЗ жүргізушісі әшкереленді.

Полиция қызметкерлері шара қолданғаннан кейін жүргізуші тастаған қоқысын жинап, аумақты ретке келтірді. 

«Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Шымкентте қаланың тазалығы мен сыртқы келбетіне, экологиясына және имиджіне кері әсер ететін 30 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған.