Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

2025 жылы Шымкент қаласында жекеменшік дәріханалардағы егу бөлмелерінде жедел жәрдем келгенге дейін 4 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Kazinform.

Pixabay

Астана, NEGE. Аталған деректерге байланысты заңды тұлғалардан түскен шағымдар негізінде департамент пен полиция бірлесіп 13 жоспардан тыс тексеру жүргізген.

«Анықталған кемшіліктерге байланысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Анафилактикалық жағдай туындаған кезде егу бөлмесінде жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл үшін тиісті лицензия болуы қажет. Сонымен қатар, дәрігерге дейінгі білікті көмек көрсету талап етіледі. Нәтижесінде талапқа сай келмеген 12 егу бөлмесінің жұмысы тоқтатылды», – деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Полат Бердалиев баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, бөлшек саудадағы дәріханаларда психотропты препараттарды заңсыз сату бойынша 25 дерек тіркеліп, тиісті хаттамалар рәсімделген. Сонымен қатар, нашақорлық дертіне шалдыққан, емделуден бас тартқан 10 адам жауапкершілікке тартылды.

Департамент жүргізген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде жалпы 331 әкімшілік хаттама толтырылып, 41 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ