Шымкентте бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды

Мегаполис көшелерінде ерекше рейд өтті. Патрульдік полицейлер толығымен заңға бағынған автокөлік тізгіндеушілерді анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE. Жол жүру қағидаларын ешқашан бұзбаған жүргізушілерді тәртіп сақшылары қалалық полиция департаменті бастығының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Олардың арасында 57 жастағы Шахадат Саитова бар. Қала тұрғыны 20 жылдан астам көлік жүргізіп келеді және осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзған емес.

Аталған іс-шараларды шымкенттік тәртіп сақшылары қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек