Шымкентте бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Полиция қызметкерлері азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Анықталғандай, қылмыстық топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын алған.

Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды.

Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған.

«Мәселені шешу» сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды.

Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілерді анықтау және барлық заңсыз әрекетті құжаттау жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды