Шымкентте биыл 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық 5 пайызға азайған

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, қаланың экономикасы  соңғы он айда 12 пайызға өскен

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда 200 мыңнан астам азамат шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Олардың экономикадағы үлесі 56 пайыз.

«Оның ішінде тартылған инвестиция 9 пайызға, құрылыс 27 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42 пайызға, сауда кешені 19 пайызға, көлік қызметі 26 пайызға, өнеркәсіптегі өнім көлемі 2 пайызға артып отыр»,-дейді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.