Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте Bingo-37 және Lotoboom онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі адамның төрт жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

ҚМА/видеодан кадр

Астана, NEGE. Ведомство ақпаратынша, онлайн-казиноларды ұйымдастырушылар ойыншыларды құмар ойындарға WhatsApp мессенджері арқылы тартқан. Кейін ойынға қатысуға ниет білдіргенлерге аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аударуға арналған шот деректемелері жолданған.

Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін, ҚМА мәліметінше, 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған. Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесін сатып алған.

Сот үкімімен екі адам төрт жылға сотталып, мүліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.