Шымкентте аудандық полиция басқармасы басшысы ұсталды

Полиция бастығы ұсталғаны туралы адвокат Талғат Есімов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

facebook.com/talgat.abdumanapovic.esimov

Астана, NEGE. Ол әріптесі Виктор Кривоносовпен бірге Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция басқармасы басшысы Батыр Мырзагелдиевтің мүддесін қорғауға кіріскенін мәлімдеді. Оның жазуынша, полиция полковнигін 28 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ұстаған.

«Қорғау тарапының ұстанымы: Батыр Мырзагелдиев өз кінәсін мойындамайды. Бұл жағдайды біз Шымкент қаласының басқа аудандық полиция басқармасының өндірісінде жатқан қылмыстық істер бойынша жауапкершіліктен жалтару үшін ұйымдастырылған өзге тұлғалардың арандатушылық әрекеттері деп санаймыз. Бұл жерде пара алу дерегі тіркелмеген», – деп жазады Талғат Есімов.

Ол тергеу барысында барлық мән-жай анықталатынына сенім білдірген.

Nege.kz істің анық-қанығын білу үшін құзырлы органдарға сауал жолдады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді