Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазған компанияның директоры сотталды

Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру саласындағы заңдылықтың жағдайына тексеріс жүргізді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Тексеріс нәтижесінде «A» ЖШС құрылыс компаниясы іс жүзінде жұмыстар орындамай, тауарларды тиеп–жөнелтпей жалған шот-фактура жазған фактілері анықталды.

Сонымен қатар компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген.

Нәтижесінде мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірілді.

Қала прокуратурасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, істі сотқа жолдады.

14.02.2025 жылы сот үкімімен «A» ЖШС-ның директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек