Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Шымкентте 5 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған. Мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.

Ол қаладағы №9 IT лицейінде білім алған. Оқиғаны полиция растады, қазір қылмыстық іс қозғалған.

«Кәмелет жасқа толмаған баланың өлімі жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады