Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды

Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда полиция бағалы бұйымдардың бөлігін иесіне қайтарып берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан бес ер адам ұсталды. Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонап кеткен.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңге болды. 

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы мен болуы мүмкін эпизодтарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды