Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалды

Жыл басынан бері қалада тамақтан уланудың екі фактісі тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Әсем Даулетова мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірінші жағдайда 8 адам қоғамдық тамақтану орнынан зардап шеккен. Ал екінші оқиғада балмұздақ жеген 17 адам уланып қалған.

– Тергеп тексеру жұмыстары жүргізілді. Зертханалық тексеруден соң оң нәтиже тіркелді. Нысан санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сай болмағандықтан оның қызметін тоқтату туралы қаулы шығарылды. Жұмысшылардың медициналық бақылаудан өтпегені анықталып, шектеу енгізілді. Кәсіп иелесі қызметін бастағаны туралы да хабарлама жібермегендіктен олардың жұмысына тиым салынды, - деді Әсем Дәулетова.

Ресми мәліметке сәйкес, Шымкент қаласы аумағында балмұздақ дайындаумен айналысатын 98 нысан тіркелген. Осыған орай, департамент тарапынан жаз мезгілінде тағам өнімдерінің сапасына бақылау күшейтіліп отыр.

– Мұндай жағдай болса, біз құқық қорғау органдары мен полицияға ресми түрде хат жолдаймыз. Егер құрамында қылмыстық іс бар деп танылса, материалдар полицияның қарауына жіберіледі. Аталған дерек бойынша тиісті мекемеге хат жолданғанымен, бүгінгі күнге дейін жауап келмеді, - деді Әсем Дәулетова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді