Шымкентте 1500-ге жуық үй газсыз қалды

Газ құбырынан шыққан ақаудан 1500 жуық жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының әкімдігі

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта арнайы техникалар мен 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.

«Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны (утечка) анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады» - делінген Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін