Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы otyrar.kz  хабарлады.

видеодан скрин

Алматы,NEGE. Өрт 6 мамыр күні Жібек жолы көшесінде болды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті 17:39-да толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің жүк бөлімінде шамамен 15 тонна сіріңке болған. Жүктің үштен бірі — шамамен 5 тоннасы жанып кеткен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек