Шымкентте 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды

Шымкентте қоқыс контейнерінің жанынан 26 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2 тамызда жарияланған ақпаратқа сәйкес, бойжеткен 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. 10 күннен кейін оның мәйіті табылған. Денесінде пышақ жарақаттары анықталған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды», - деді Шымкент полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.

Полиция жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, бұл іс бойынша жан-жақты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды