Шымкент жастары жаңа челлендж бастады (видео)

Жанашыр студенттердің бастамасымен қолға алынған науқан «EcoStudentKZ» деп аталады.

 

Шымкент, NEGE. Алғаш болып шымқалалық студенттер «Қошқар ата» өзенінің жағалауында шашылып жатқан қоқыс орындарын тазалап, «Эко-плоггинг» өткізді.

Табиғат анаға бей-жай қарамайтын қыз-жігіттер эстафетаны павлодарлық студенттерге жолдады. «Енді өзіміздей павлодардық жастар өздері тұрып жатқан қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады» – дейді олар.

«Өзің отырған жерге қоқыс тастама!» – деп үндеу жасаған жастар аталмыш  челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігін танытқысы келген.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды