«Шымкент жастар лигасы» жобасының жеңімпаздары анықталды

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында 2021 жылдың 1 наурызынан бастап (Футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) спорттық ойындар бастау алған болатын.

Шымкент, NEGE. Алдымен баскетболдан финалдық ойындар өтіп, чемпиондар анықталды.
Ойынның қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы №8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия мектебі 1-орынды жеңіп алды. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі 2-орын, №28 жалпы орта білім беретін мектебі 3-орынға ие болды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға қолдау білдіріп, үздік ойын-өрнегін көрсеткен командаларды жеңісімен құттықтады.

Жеңімпаз атанған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 1 шілде күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты