Шымкент: Вирус жұқтырғандар саны азайды

Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді. Өткен тәулікте 79 адамнан ауру белгілері табылған.

Алматы, NEGE. Оның ішінде белгілері бар – 39, белгілері жоқ – 40. Вирус жұқтырған 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 60 адам үй бақылауына алынды.

Бұдан басқа, қалада өткен бір тәулік ішінде 3 262 адам вакцина алды. Оның ішінде 1587 азамат I компонентін алса, 1675-і II компонентін салдырған. Ал, егу науқаны басталғалы барлығы 167985 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 71591 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Жалпы қалада жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 411737, тәулігіне 2 184. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 24 мобильдік топ 20 мамыр күні 531 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіді. Олар 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты