12 сентября 2023 г. 13:31

Шымкент тұрғыны битум құйылған цистернаға құлап мерт болды (видео)

Фото:

Әлеуметтік желіде құтқарушылардың  битум құйылған цистернадан адам денесін алып шыққан видеосы тарады. 

Алматы, NEGE. Полиция департаментіне 11 тамызда таңғы 08:56 шамасында Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС аумағында ер адамның битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы хабарлама түскен. 

Құтқару бөлмінің қызметкерлері жедел оқиға орнына жетіпті. Тыныс алу аппараты мен альпинистік жіптерді пайдаланып ер адамды алып шыққанымен, оны құтқару мүмкін болмаған. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Тегтер: