Шымкент тұрғыны бауырына бір бүйрегін берді
Шымкент қаласының тұрғыны бауырына бүйрегін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкент, NEGE. Шымкентте туыстық трансплантация отасы сәтті өтті. Бұл жолы дәрігерлер 1986 жылғы науқасқа туған бауырының бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді.
Операциядан кейін науқастың хал жағдайын білу үшін қаланың бас дәрігері арнайы ауруханаға келіп, пациентпен тілдесті.
Бауырына бүйрегін берген науқастың жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлер донорды бүгін ауруханадан үйіне шығарды.
Ал, ағзасын алмастырған науқас алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған.
Отадан кейін пациент гемодиализге тәуелді болмай, қалыпты өмірге қайта оралған.
«Шымкентте бүйректі алмастыруға арналған 205-ші ота сәтті өтті. Бұл өңірде ағза алмастыру отасы сәтті дамып келе жатқанын көрсетеді. Жақында кардиологтар жүрек алмастыру отасын да сәтті жасап шыққан болатын. Бұған дейін мұндай операциялар көрші Орта Азия елдерінде жасалмаған. Ағза алмастыруды қажет ететін науқастардың саулығын жақсарту үшін біз енді мәйіттік трансплатацияны дамытуымыз қажет», - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.