Шымкент ТМД елдерінің астанасы болды
Беларусь Республикасының Брест қаласында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы» іс-шарасының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада Брест қаласы 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке ресми түрде табыс етті.
Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен жиынға 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласынан арнайы өкілдер қатысты. Шымшаһардың мерейін асырған мәртебелі шараға делегацияны Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барды. Мерекелік шара шеңберінде Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, сондай-ақ фототілшілер қаламыздың туристік және тарихи-мәдени әлеуетін таныстырды.