Шымкент сити шағынауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүрыіп жатыр

Еліміздегі үшінші мегаполисте халық саны артуымен тұрғын үй қажеттілігі де артқан.

Шымкент, NEGE. Осыған орай Шымкент сити шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жұмыс барысымен әкімдіктің арнайы топ өкілдері танысып қайтты.

Атап айтқанда, шағын аудандағы 4-орамда кеңсе орын-жайлары мен жерасты паркингі бар, тоғыз қабатты 3 тұрғын үйден тұратын «Shymkent Green City» тұрғын үй кешені салынып жатыр.

Тапсырыс беруші “Shymkent” ӘКК” АҚ. Серіктес мекеме - «Элит Строй и Company» ЖШС-ы.

Үйлердің жалпы ауданы 29 765 шаршы метр. 1,2,3,4 бөлмелі пәтерлер бар. Аумағы 39-116 шаршы метр аралығында болмақ.

Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, кредиттік 364 пәтер кілті пайдалануға берілмек.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті