Шымкент полициясы қала тұрғындарын 50 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтарды іздеп жатыр

Олар қала тұрғындарын 50 млн теңгеге алдаған

Алматы, NEGE. Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық. 

Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға ағымдағы жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланды. 

Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған.  Қоңырау шалған клиентпен кездесу туралы келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіскен. Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, соңғысына қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алған.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ