«Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 17-19 қараша күндері «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» көрмесі өтеді.

Шымкент, NEGE. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарын, ұйымдар мен мекемелерді жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.

Іскерлік байланыстарды нығайту үшін көрмеге әлеуетті тұтынушылар шақырылып отыр. Олардың қатарында мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері бар.

Көрмеде тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорынның өнімдері ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды