Шымкент мұнай өңдеу зауыты уақытша жұмысын тоқтатады

Оңтүстікте жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін, деп хабарлайды Аtameken Business.

Шымкент, NEGE. Өйткені, 6-шы мамырдан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты кезекті жөндеу жұмыстарына жабылады. Профилактикалық қызметтер бір айдан ұзаққа созылуы мүмкін. Айтып өтейік, аталған кәсіпорын оңтүстіктегі жылына 600 мың тоннадай жанармай өндіретін бірден бір зауыт. Енді, ол тоқтаса жағдай қиындауы ықтимал. Өйткені, қазір өңірдегі ауылшаруашылығы өнімдерін егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бірақ еліміздің энергетика министрлігі барлығы бақылауда деп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды