Шымкент көшелері жөнделе бастады

Шымкенттің шұрық-тесік көшелерінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Шымкент қаласында қазіргі таңда Рысқұлов көшесінің қиылысынан бастап Өтегенов көшесінің қиылысына дейін Қазиев көшесі, А-2 Хоргос-Алматы-Шымкент автомобиль жолы Бадам өзені көпірінен бастап Қазығұрт шағынауданына дейін, Темірлан тас жолы Алпысбаев көшесінің қиылысынан бастап Аэропорт жолының қиылысына дейін, Жолан батыр, Алпысбаев көшелерінде шұңқырларды асфальт-бетон қоспасымен жамау жұмыстары аяқталды.

Алдағы уақытта қаланың барлық көшелеріндегі шұңқырларды жамау жұмыстары кесте бойынша атқарылады.

Бірінші кезекте шұңқырларды жамау жұмыстары көлік ағыны көп магистралды көшелерінен бастау алып, одан әрі ішкі орам көшелерінде жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр