Шымкент қоқыстан тазарып қалды

Шымкент қаласындағы барлық ауданда жаппай тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен Қаратау ауданындағы бүгінгі тазалық жұмыстарына «Жасыл Жер» мердігерінің 120 қызметкері мен 44 техникасы жұмылдырылған.

Шымкент, NEGE. Олар Тұран шағын ауданын, Ш. Көшеров көшесін, Бозарық, Достық, Ақбосаға шағын аудандарын, Нұрсат аллеясын қоқыстан тазартты.

Еңбекші ауданында көше тазалау жұмыстарына 435 жұмысшы, 65 техника жұмылдырылды.

Орталық және ішкі орам көшелері, көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары, 3 тұрғын алап қоқыстар тазартылды. Сонымен қатар, қоқыс алаңшалары дезинфекцияланды.

«Қала тазалығын сақтау барша тұрғындардың міндеті. Алайда, кейбір жекелеген кәсіпкерлік нысандар не үйлер өз аулаларын қоқысқа толтырып, жауапсыздық танытуда. Тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде болатынын естен шығармайық», – дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты