25 октября 2021 г. 19:10

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Фото:

Пәтер сатып аларда, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында орналасқан.

 

Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттар туралы тізім.

 

Рұқсаттама саны

Объектінің атауы

1

Құрылыс салушы «Отау Строй» ЖШС.

Уәкілетті компания «Ер-Наз ЖШС». Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Д.Кунаева даңғ.№79

2

Құрылыс салушы «Отау Строй» ЖШС.

Уәкілетті компания   «Корпорация Бастау» ЖШС. Шымкент қаласы, Каратау ауданы,  Акжайык м/а №197 А.

3

Құрылыс салушы «Милан Астана» ЖШС. 

Уәкілетті компания  «BCD Group» ЖШС. Шымкент қаласы, Каратау ауданы,   С.Байтерекова көш. .№100/4 үй. 

4

ТОО Құрылыс салушы  «Феб Group»

Уәкілетті компания «Феб Кокжайлау» ЖШС. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Куаныш Тулеметова көш. №50/6, №50/7.

5

Құрылыс салушы «BI EXPO CITY» ЖШС.

Уәкілетті компания «ШығысМонтаж-Строй» ЖШС.  Шымкент қаласы, Каратау ауданы, С.Байтереков көш.,  №100/3 үй.

6

Құрылыс салушы  «Отау Строй» ЖШС.

Уәкілетті компания «Корпорация Бастау» ЖШС.    Шымкент қаласы, Нурсат м/а, 19 А.

7

Құрылыс салушы «Компания индустрия строительства» ЖШС. 

Уәкілетті компания «BI Shymkent Projects» ЖШС.    Шымкент қаласы, Нурсат м/а,  Н.Назарбаев даңғ. №14/1 үй. 

8

 Құрылыс салушы  «Ер-Наз» ЖШС

Уәкілетті компания   «Отау Строй» ЖШС.  Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Байдибек би даңғ. №116

9

Құрылыс салушы «Отау Строй» ЖШС.

Уәкілетті компания   «CITY OTAU» ЖШС. Шымкент қаласы, Каратау ауданы,  Нурсат м/а №29/2 үй.

10

Құрылыс салушы «BAZIS-A Corp.» ЖШС. 

Уәкілетті компания   «Жарқын қала» ЖШС. Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Н.Назарбаев даңғылы №4 уч.

11

Құрылыс салушы   « Оңтүстік-құрылыс-сервис» ЖШС.

Уәкілетті компания   «PRIME park» ЖШС. Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Шымкент Сити м/а құрылыс алаңы.

12

Құрылыс салушы  « Оңтүстік-құрылыс-сервис» ЖШС

Уәкілетті компания   « ЖК Standart» ЖШС.  Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Нурсат т.ү.а. №1,2,3,4,5,6 үйлер. 

 

 Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет:

Тел: 87072019150

        87473094487

        87774237777

Тегтер: