Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алмасбек Мамытбеков Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, "Nur Otan" партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы - Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды