«Шымкент барысы» анықталды

Шымкент қаласында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу бәсекесі өтті.

Шымкент, NEGE. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайысты тамашалап, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Шымкент барысы» іріктеу жарысында Л.Тажиева атындағы №4 спорт мектебі, №10 ОРБЖСМ спортшылары, жалпы 30-ға жуық балуан белдесті. Биылғы бәсекеде Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз атанды. Нұрсұлтан Қожагелді екінші, Әл-Фараби Бекұлы үшінші орынды иеленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша үздік 1-2 орынға ие болған балуандар 2021 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық турнирде бақ сынайды.

Сонымен, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров пен Нұрсұлтан Қожагелді Шымкент қаласының намысын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады