Шымкент: Ауа райының қолайсыздығынан мектептер онлайн форматқа көшті

Шымкент мектептеріндегі екінші ауысым сабақтары ауа райының байланысты онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Алматы, NEGE. «Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім ұйымдарында 17 қараша күннің екінші ауысым сабақтарын онлайн форматында өткізу ұсынылды» - делінген басқарма хабарламасында.

Шымкентте қазір ауа температурасы желдің әсерінен аяз көтеріліп, тұрғындарды әбігерге салды. Сонымен қатар қатты соққан дауылдан қаладағы кейбір аудан тұрғындары жарықсыз қалған.