Шымкент әкімі әуежайдың жаңа терминал құрылысының барысын тексерді

Шымкентте сағатына 2000 жолаушыны өткізе алатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның салыну барысын тексерді. Халықаралық маңызы бар нысан құрылысының сапасына баса назар аударды.

Бүгінгі таңда жер жұмыстары, свай және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың жалпы алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды. Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.

Өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстары мен жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар аяқталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды