Шымкент әкімдігі жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді маска тігуге шақырды

Шымкентте жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді әкімдік маска тігуге шақырды. Бұл туралы бүгін әкімік пен бірқатар басқармалар әлеуметтік желідегі парақшаларында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Қыз-келіншектер! Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар тігін цехтарына маска тігетін азаматтар қажет. Ниет білдіргендер қалалық жұмыспен қамту орталығына жеке куәлігімен келуін сұраймыз. Біздің мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а С.Бәйтереков көшесі, 89» делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің үшінші мегаполисінде масқа тапшылығы туындап отыр. Осыған байланысты кешеден бері бірқатар тігін фабрикалары мен шағын цехтар медициналық маска шығара бастаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды