Шымкент әкімдігі қоқысқа қарсы күрес бастады

Абай ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы  қоқыс контейнерлері күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлер аптасына 1 рет тазаланады. Биыл 258 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен 727 көшенің санитарлық және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазалау жұмыстары тиісті мердігер мекеме атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов баяндады.

Алматы, NEGE. 453  көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасында 485 контейнер қойылған. Жеке тұрғын үйлерде 8 камаз (12 жұмысшы), көпқабатты тұрғын үйлерде 3 камаз (38 жұмысшы) кесте бойынша тазалау жұмыстарын жүргізеді екен. 

Сонымен бірге, алдағы уақытта жер асты өткелдері жөндеуден өтпек. 

Аудан әкімінің баяндамасын тыңдаған қала әкімі шатқалдағы бей-берекет қоқыстың тасталуын жою үшін рейдтер мен бейне бақылауды күшейту керек екенін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды