Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, көлік кептелісі пайда болды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкент, NEGE. Мұны видеограф Әділ Рахметолла жоғарыдан түсіріп әлеуметтік парақшасында жариялады. Жол бойында шамамен бір шақырымдай кезек пайда болған. Өңірлік төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметіне қарағанда, Алматы – Термез – Ташкент тасжолының 534-593-ші шақырымында жол таңғы 08:00 шамасында кезінде жабылған. Оған желдің күшейіп, жолдың көрінбей қалуы себеп болды. Бірақ қазір жел басылды. Сағат 15:00-ден бастап бұл бағыттар ашылды. Дегенмен, Жамбыл облысының аумағында Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шығарда ауа райы болжамына мән беріп, құтқарушылардың кеңесіне құлақ түруді ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті