Шымкент – шахмат астанасы атанбақ

АҚШ-та Сент-Луис, Германияда – Дортмунт, Ресейдің – Элиста қалалары өз елдерінің бейресми шахмат астаналары атанып кеткен. Енді бұл тізімге – Шымкент қаласы да енбек.

Алматы, NEGE.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен 2021 жылдың 20-30 шілде күндері шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты Шымкент қаласында өтпек.

Мемлекеттік бюджеттең қаржысынсыз өтетін чемпионаттың басты мақсаты «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру.

Спорттық сайысқа еліміздің барлық аймағынан ойыншылар, олардың ата-аналары және жаттықтырушылар арнайы Шымкент қаласына атбасын бұрады.

Сол он күндікте қонақтарымызға Шымкентті жан-жақты таныстыруға күш салып, қала қазынасына түсетін табысты еселеуді көздеп отырмыз.

Алдын-ала болжам бойынша мультипликативті эффект нәтижесінде қала қазынасына 400 млн теңге табыс түспек.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы – Шымкентті зияткерлер қаласы атандыру мақсатында алғашқы жүрісті бастады.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр