4 июля 2025 г. 12:55

Шымкент: Өрт шыққан үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлер берілді

Фото: gov.kz

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 Мамыр көшесіндегі өрт шыққан екі қабатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

Шымкент, NEGE. Оқиға салдарынан 19 пәтердің 11-і жарамсыз болып, бірнеше отбасы баспанасыз қалған болатын.

Фото: gov.kz

Осы жағдайға байланысты қала басшысы жуырда жергілікті тұрғындармен кездесіп, онда баспанамен қамту мәселесі оңтайлы шешілген болатын. Зардап шеккен тұрғындарға жанып кеткен пәтерлердің орнына Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан тең құнды жаңа пәтерлер ұсынылған.

Бүгін қаланы аралау барысында Ғ.Әбдімәжитұлы азаматтардың қуанышына ортақтасып, жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін жеткізді.