Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?

27 наурызда Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес Шымкент мұнай өңдеу зауытында бір айға созылатын жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. 

ҚазМұнайГаз

Астана, NEGE. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жоспарлы алдын алу жұмыстары аясында қысыммен жұмыс істейтін 573-тен астам жабдыққа, сондай-ақ 170-тен аса технологиялық құбырға міндетті техникалық куәландыру мен сараптама жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарына барлығы 2035-тен астам адам және 222 арнайы техника жұмылдырылмақ.

Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде кезінде мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қор есебінен жөнелтіледі.

Қазіргі таңда зауыттың резервуарлық паркінде жиналған қор көлемі:

  • автобензин – 29 450 тонна;
  • дизель отыны – 22 900 тонна;
  • авиакеросин – 10 530 тонна.

«ПҚОП-та жоспарлы алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде «ҚазМұнайГаздың» тағы екі мұнай өңдеу зауыты – Павлодар МХЗ мен Атырау МӨЗ мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты: АИ-92 маркалы бензин қоры 38 күндік тұтыну мөлшерін, ал дизель отыны қоры 49 күндік тұтыну мөлшерін құрайды», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» өкілдері.

20 сәуірден бастап технологиялық қондырғылар кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Құрылтайды кім басқарады?