Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?