Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Оқиға бүгін кешке сағат 20:30-да қалалық әкімдік маңында болған. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқ «оң жамбасы мен иығына тиген».

Оқ атқан адам ұсталды. 

Күдікті — әкімдікте жұмыс істейтін қызметкер. Алдын ала болжам бойынша, жанжалға Берденовтің оның жұбайына тиіскені себеп болған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек