Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды

Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Әйел адам сатып алушы ретінде келіп, бағалы бұйымдарды білдірмей ұрлап кеткен. Тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданды.

Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын-сонды ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгергені белгілі болды. Қазіргі таңда әйел қамауда.

Құқық қорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?