Шымкент әуежайы бір ай күндіз жұмыс істемейді

Бұл туралы "SCAT" әуе компаниясы хабарлады.

ernur.kz

Алматы, NEGE. "2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі", - делінген хабарламада.

Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды